Компанияның тарихы сонау 1998 жылдан басталады. Ол кездері Қазақстан Республиканың нарығында отандық алкогольсіз сусындардың өте қарапайым сұрыпталымы ұсынылған. Олардың сапасы айтарлықтай жақсы емес еді. «LibellaBottlersAlmaty» компаниясы сапаға мөлшерлеме белгілеп, жаңашыл тәсіл көрсетіп, дәрумендер кешені қосылған «Libella» сауда маркасының газдалған лимонадтар сериясын шығарды. Ол кездері бұл отандық компанияның тұтыншыларын өзінің табиғи дәмі мен әп-әдемі безендіруімен таң қалдырған жоғары сапалы өнімімен нарыққа алғаш рет қадам аттаған сирек жағдайлардың бірі болды. Соған қарамастан, бағасы аса қымбат емес еді. Сусындардың дәмі бірден ұнап, аз уақыттың ішінде қазақстандықтардың көңілінен шығып, жүректеріне жол тапты. Осылайша, 1951 жылы Германияда негізі қаланған бүкіл әлемге танымал «Libella» сауда маркасы біздің елімізді де жаулай бастады.
Бүгінде «LibellaBottlersAlmaty» өнімінің ондаған сауда маркалы сұрыпталымы бар. Олар тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Моңғолия мен Қырғызстанда да табысты сатылып жатыр. Өндірушілер арасында бұл компания ең алғашқы болып бұрынғы қағазға қарағанда анағұрлым сапалы полипропилен заттаңбаны пайдалануға көшіп, өндіріске SportCap пішіміндегі жаңа, ыңғайлы қақпаққа өтіп, ал сусындар құйылатын бөтелкені өз цехтарында экологиялық таза тағамдық пластиктен жасай бастады. «LibellaBottlersAlmaty» Қазақстанда ең алғаш болып құрамында С, PP, B5, B6, B9 дәрумендері мен табиғи шырын бар газдалмаған сусындар және сонымен қатар, бояғышсыз газдалған сусындар мен NearWater («Veroni» сериялы) дәрежесіндегі минералды сулар өндіре бастады. Оның бәрі компанияның сұрыпталымын толықтырып, тұтынушылар үшін жағымды жаңалыққа айналып, аз уақыттың ішінде көпшіліктің арасында танымалдылыққа ие болды.
«Libella» сауда маркасы дәмдердің сансыз түрленуімен, сапасымен қуантады: газдалған және газдалмаған «Натура» сусындары; құрамында таурин, кофеин мен дәрумендер кешені бар «ExtremeEnergy»; атақты газдалған сусын «Extreme Кола»; «Советский» лимонадының топтамасы; «Купеческий» сауда маркасының квасы; сонымен қатар, шырын, минералдар мен «Veroni» дәрумендеріне бай табиғи газдалған және газдалмаған су. Компанияның соңғы жетістіктерінің бірі – «Tofik» балалар сауда маркасының сұрыпталымы. Ол таза қанттан, В, Р, С дәрумендерінен дайындалған газдалмаған, құрамында шырыны бар сусын. Сонымен қатар, «FreshTea» сауда маркасымен шыққан «IceTea» (салқын шай) санатындағы сусындар. Дәмдердің сан алуандығы таң қалдырмай қоймайды: алма, алмұрт, шие, қара қарақат, шабдалы, анар, тропикалық дәмі бар сусындар, өрік, бала кезден келе жатқан сүйікті дәм дюшес, буратино, қаймақ қатқан құлпынай, экзотикалық мохито, лайм мен таңқурай, ал жаздың аптап ыстығында сергітетін салқын шай мен грейпфрут немесе құлпынай дәмі бар минералды су кез келген жанның жүрегін жаулап алары анық. Сондықтан «Libella» сауда маркасының сусындары қазақстандықтардың көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие болды.